ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада "Жанарыма сәуле берер жүрегімнің жылуы” атты апталық ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газетінің сайтында жазылған.
13 қараша – Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай ұйымдастырылған апталықтың бірінші күні жанарынан айырылған жандарды оқытудың тиімді әдісін ұсынған Валентин Гаюидың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Шара барысында кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров сөз алып, оқырмандарды әрбір шараға белсенді қатысуға шақырды. Кітапханашы Р.Әбілдаева "Тағдыр түрлі, өмір бір” атты кітап көрмесімен таныстырса, Қ.Мылтықбайқызы, Ш.Тәженова, А.Кенжеғұловалар өз қолдарымен жасаған бұйымымен қатысушыларды тәнті етті. Көз мүгедегі болса да бос отырмай, тамаша дүниелер жасайтын, өмірге құштар осындай өнерлі адамдардың көптігі көңіл қуантты.