КӨРСЕТІЛІМ СОТ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық сотының судьясы Т.Жүсіпов Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 3 курс студенттерінің қатысуымен көрсетілімді сот отырысын өткізді.
Жеке тұлғадан банктік келісім шарт негізінде қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Іс қарау барысында студенттер тәжірибеде сот отырысын өткізу тәртібімен, сотқа қатысушы тұлғаларды тыңдау, сот жарыссөздерін өткізу тәртібімен танысты. Сондай-ақ, сот отырысын дыбыс, бейне жазу құралдарына тіркеу тәртібі түсіндірілді.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі