10 КҮНДЕ 109 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
2016 жылдың қараша айының 01-10 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Іс-шараға барлығы 27 мобильдік топ құрылып, 201 күш-құралдар жұмылдырылды. Шараның 10 күнінде облыс бойынша барлығы 109 экологиялық заң бұзушылық анықталды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 2, заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзудың – 79, заңсыз балық аулаудың – 26, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 2 дерегі тіркелді.
Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 2 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 09 қарашасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы тұсында 1979 ж.т. азаматтың басқаруындағы «ГАЗ-66» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз сексеуіл бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған қоса, 02 қараша күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 1980 жылы туылған 2 азамат түн мезгілінде аң аулап жүрген жерінен ұсталды. Ұсталғандарға тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін тексеру барысында, автокөліктің жүксалғышынан 3 дана қоянның өлі денесі анықталды. 2 ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 1 дана прожектор айғақ зат ретінде алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті аң және балық аулау талаптарын бұза отырып, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.