САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі «Салық төлеушінің терминалы» жеке ғимаратқа көшірілді. Салық есептілігін тапсыратын кәсіпкерлер үшін жайлы да кең залда соңғы үлгідегі жаңа компьютерлер орналастырылған. Бұл есеп тапсырудың еш кедергісіз әрі жылдам жүргізілуі үшін жасалған шара.
Салық мәдениетін көтеру және кәсіпкерлердің адалдығы мен белсенділігін жетілдіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қоғамның сауаттылығы мен салықтық мәдениетін қамтамасыз етудің алғы шарттары ретінде салық төлеушілердің салықты төлеу тәртібі және әдістері туралы ақпарттандырылуы болып табылады. Көрсетілген салықтық қызметке салық төлеушінің көңілі толуы керек, сонда ғана салықты өз еркімен және уақытылы төлеу қарқыны артатын болады.
Қазіргі кезде есепті электронды форматта және онлайн түрде тапсыру көрсеткіші артып келеді. Бұл дегеніңіз – салық төлеушінің фискалды орган қызметкерлерімен өзара байланысын азайтуға және олардың уақыты мен шығынын үнемдеуге әсер етеді деген сөз.
Біздің департаменттің қызмет аясында белгіленген 32 салықтық қызмет түрінің 23-і электронды нұсқада жүзеге асырылады. Кеден бағыты бойынша мемлекеттік реестрге енгізілген 20 қызмет түрінің 9-ы көрсетіледі, оның 1-еуі электронды түрде.
Биылғы жылы Қызылорда қаласы бойынша және аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының барлығында салық төлеушіге қызмет көрсететін терминалдар мен орталықтар түгелдей жаңа компьютерлермен жабдықталды. Бұл техника Бүкіләлемдік банк қаржысы есебінен алынды. Салық төлеушінің өзіне қажетті ақпарат пен қызмет түрін алуына барлық жағдай жасалуы керек, бұл – уақыт талабы. Мемлекеттік кірістер органдары заманауы талаптар деңгейінен шығу үшін өз қызметін жетілдіре беретін болады.
Мария Искакова,
Қызылорда облысы бойынша МКД
ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы