"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде облыстық қан орталығымен бірлесіп "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты қанға мұқтаж науқас адамдарға көмек көрсету болып табылады. Осындай ізгі ниетпен орталықтың 40-тан астам қызметкері қайырымдылық акциясына донор ретінде қатысып, өз еркімен қан тапсырды.
«Орталық қызметкерлерінің өз еркімен қан тапсыра отырып, ауруына ем іздеп жатқан науқастарға көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бұл ретте қазіргі таңда екі науқасқа сирек кездесетін қан тобы қажет болатын. Сол қан топтары орталық қызметкерлерінің арасынан табылғандығына өте қуанып отырмыз», - деді облыстық қан орталығының терапевт-дәрігері Олжас Жұбатқанов.
Осылайша ұжымның көрсеткен көмегі жүректен жүрекке жетті. «Дені саудың – жаны сау» демекші, ауруына шипа іздеген жандардың тез сауығып кетуіне шын жүректен тілектестік білдіреміз. Мұндай акция алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отыратындығын айта кету керек.