ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ЕКІ МҮШЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен (қылмыстық топпен қорқытып алу) және 262-бабының 2-бөлігімен (ұйымдасқан топқа немесе қылмысқа қатысу) айыпталған ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстық іс бойынша 2 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
2016 жылдың 26 ақпанында осы сотпен сотталған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланған болатын. Бүгінгі күні сол топтың тағы да екі мүшесіне қатысты сот шешім қабылдап отыр.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа 6 сотталғандардан бөлек сотталушылар Н.Спанов пен Б.Дүйсебаевта өз еріктерімен кірген. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ басшысының тапсырмасымен кәсіпкерлерді психикалық қысым көрсету арқылы қорқытып, олардан ақша мен заттар алу, сонымен қатар бір-біріне қарыз адамдардың ақшасын мәжбүрлеп қайтартып, қарыз ақшаның мөлшерінен заңсыз пайда табу міндеттерін атқарған.
Іс бойынша сотталушылар Н.Спанов пен Б.Дүйсебаев жәбірленуші А-мен азамат К. арасында үйді сату барысында туындағанын дауды біліп, бөтеннің мүлкін талап етіп, қорқытып алу мақсатында оларды бір-біріне алдап, қорқытып, жәбірленуші А-ның иелігіндегі «Ауди А-6» автокөлігін талап еткен. Жәбірленуші А. өз иелігіндегі «Ауди А-6» автокөлігін ұйымсқан топ мүшелеріне еркінен тыс беруге мәжбүр болған. Сонымен қатар, жәбірленуші жеке кәсіпкер Г-ға психикалық қысым көрсету арқылы қорқытып, одан құны 230000 теңге тұратын тауар (киім-кешек) алып, ақшасын төлемей, заңсыз иемденген.
Сот үкімімен сотталушы Н.Спанов ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді.
Сотталушы Б.Дүйсебаев ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.