EURASIAN BOOK FAIR-2016
Астана қаласында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық кітап көрмесіне қатысқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бірінші күнін «Кітап – ғасырлар куәсі» тақырыбымен бастады. Университеттің кітап көрмесімен танысуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, оқытушылар мен студенттер, мектеп оқушылары және қала қонақтары мен тұрғындары келді.
Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіндегі екінші күнін университет «Сыр – Алаштың Анасы» деп атады. Бұл күні Қызылорда облысының тарихы, әлеуметтік экономикасы, өнеркәсібі мен аграрлық индустрия, мәдениет, спорт және туризм салалары бойынша әдебиеттер қойылды. Жақын және алыс шетелдерден келген баспагерлер, редакторлар, жетекші ғалымдар, мәдениеттанушылар Қорқыт Ата мемориалды кешенінің фотоальбомына, Қорқыт Ата энциклопедиясына, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы және т.б. кітаптарға қызығушылық танытты. Университет ғылыми-техникалық кітапханасы қызметкерлері халықаралық көрме-жәрмеңке аясында ұйымдастырылған «Кітап мәдениеті мен гуманитарлық ынтымақ контексіндегі еуразияшылдық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.