БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТТЫ ЖҮЗІН КӨРУ - ҮЛКЕН ҚУАНЫШ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен «Балғындардың бақытты жүзін көру үлкен қуаныш» атты тақырыпта «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» париялық жобалары аясында өткізілді.
Ашық есік күні болашақ теміржолшы болғысы келген балаларды теміржол мамандығына баулу және мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүмкіндігі шектеулі теміржолшылардың балаларының арман тілектерін тыңдап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Шараға көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалар және олардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара аясында балғындар Қызылорда өңіріндегі теміржолының тарихымен танысып, содан кейін «Теміржол» партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аманкелді Арысбаевтың қабылдауында болды.
«Бала - біздің болашағымыз. Олардың жарқын да бақытты жүзін көру біз үшін үлкен қуаныш.Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылатын тірлік әлі де жетерлік. Бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» жобаларын тиімді жүзеге асырып келеді. Оларға жасалатын әрбір көмек еш уақытта толастамайды деді», - деді кездесу барысында «Теміржол» партия филиалының төрағасы.
Қабылдау барысында филиал төрағасы мүмкіндігі шектеулі балалар және олардың ата-аналарымен ашық сөйлесіп, туындаған мәселелерін оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.
Яғни, 7 баланы тәрбиелеп отырған Үмбетовтар отбасына филиал атынан қыстық киім-кешек алып берді.
Сондай-ақ, Қаржылай көмек сұраған 6 баланың анасы жолаушылар вагондарын жөндеу мекемесінің жұмысшы Жанар Бижановаға 20 мың көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Ашық есік күні келген балалар мен олардың ата аналары «Нұр Отан» партиясы ұжымына алғысын білідіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.