"ЧАРЛИ ЧАПЛИН" КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Сана" зияткер жастар мектебі" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қала жастары арасында "60 секунд" интеллектуалды ойыны өткізілді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Жарысқа қатысушылар сайыстың 1-ші бөлімінде 30 интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, 2-ші бөлімінде әлемдік мәселелер бойынша мақала жазудан бақ сынасты. Нәтижесінде жарысқа қатысқан 20 топтың арасында алғырлығымен танылған, үздіктердің үздігі "Чарли Чаплин" командасы болды. ІІ-ші орынды "Кибей спэйс" тобы, ал "Эврикум" командасы жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді.
Алдағы уақытта аталған жастардың қатарын көбейтіп, олардың шығармашылығын дамыту бағытында басқа да іс – шаралар ұйымдастырылып, арнайы бас қосулар жүзеге асатын болады.
Алдағы уақытта аталған жастардың қатарын көбейтіп, олардың шығармашылығын дамыту бағытында басқа да іс – шаралар ұйымдастырылып, арнайы бас қосулар жүзеге асатын болады.