ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЫМ-ИШАРА ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛЫП ЖАТЫР
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ым-ишара тілінде оқытылып жатыр. Жобаның мақсаты – кез келген санаттағы азаматтармен еркін қарым-қатынас жасау, деп жазады kzvesti.kz.
«Саңырау адамдар мен мылқау жандар күнделікті көптеген кедергілерге тап болып жатады. Біздің ойымызша еліміздің кез келген азаматы өз өмірі үшін қажетті қызметтер мен ақпаратты еркін алуға тиіс», - дейді ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлназ Бадырақова.
Жоба басталғанға дейін ХҚКО-да ым-ишара тілінде білетін бір ғана қызметкер болса бүгінде олардың саны 100-ге жетті. Қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген әлеуметтік жауапкершілігі мен оң көзқарасы оларға көмек көрсетуге мүмкіндік берді.