8 КҮНДЕ 477 ЖАСӨСПІРІМ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың қараша айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның 8 күнінде ішкі істер органдарына барлығы 532 жасөспірім жеткізілді. Олардың 54-і қадағалаусыз, панасыз қалғаны үшін жеткізілсе, 477-і түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 14 ата-анаға және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша, сағат 22.00-ден 06.00-ге дейінгі түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 14 мекеменің басшылары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін 358 кәмелет жасына толмағандардың ата-аналарына шара көрілді.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 61 кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылса, 18 жасқа толмағандарға темекі өнімін сатқаны үшін 7 әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ішкі істер органдарының тізімдік және профилактикалық есебіне 50 кәмелетке толмағандар, 37 қолайсыз отбасы есепке алынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі