СТУДЕНТТЕР ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНДЕ БОЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушы К.М.Будикованың жетекшілігімен 5В070900 - «Кадастр» мамандығының студенттері «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде болды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандар студенттерді бөлімде атқарылатын жалпы жұмыстармен, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырды. Студенттер жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген «Бәйтерек» тұрғын ауданының жоспарымен, жер учаскелерін таңдау сызбаларын әзірлеумен, жерге орналастыру жобасының мазмұнымен, заңсыз салынған құрылыстарды анықтаумен, жер есебін құрумен, сондай-ақ «LOTUS», «Е-лицензия» бағдарламаларымен жұмыс істеу принциптерімен танысты.
«Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Сарменбаев студенттерге жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндады және келешекте білікті маман болыңыздар деп игі тілегін білдірді.