АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ
Ауданға жаңадан әкім болып тағайындалған Мұхтар Оразбаев өткен сенбі, жексенбі күндері бірқатар елді мекендерде болып қайтты.
Алдымен Сексеуіл кентіне ат басын бұрған аудан басшысы кенттегі әлеуметтік нысандардың жағдайымен, жұмыс барысымен танысып шықты. Атап айтқанда, клубтың, бірқатар білім ошақтарының қысқы мезгілге дайындығын саралап, «Қамқор локомотив» жөндеу депосының жағдайымен танысты. Мұнан кейін, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмысы жүріп жатқан кітапхана ғимаратына да бас сұғып, проблемалы сұрақтарды талқылады. Түс ауа Сазды елді мекеніне бет алған аудан әкімі «Балауса» балабақшасындағы жөндеу жұмыстарының жай-күйін бағдарлап, ғимараттағы жөндеу жұмыстарының сапасына мән берілу керектігін атап өтті .
Бұдан бөлек, Шижаға елді мекеніндегі № 57 орта мектеп жанындағы Е.Көшербаевтың мұражайымен де танысып, мектеп фойесінде ауыл ақсақалдарымен кездесті.
Бұдан бөлек, Шижаға елді мекеніндегі № 57 орта мектеп жанындағы Е.Көшербаевтың мұражайымен де танысып, мектеп фойесінде ауыл ақсақалдарымен кездесті.