ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы бастаған құқықтық насихаттық топ заңнамаларды халыққа түсіндіру, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарында көшпелі семинар өткізді.
Бірінші кезекте Қармақшы ауданына барған насихаттық топ кірпіш және қиыршық тастың 7 түрін шығаратын 50 адамды жұмыспен қамтып отырған «АНК Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Мұнан соң Жосалы кенті әкімі апаратының мәжіліс залында жиналған аудан тұрғындарына құқықтық кеңес берді.
Сондай-ақ, Қазалы ауданында «Қазалы-Вагон» жөндеу депосы ЖШС-ұжымен және Арал ауданында 1300 жұмысшысы бар «Арал тұз» ЖШС-нің жұмыс ауқымымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Сондай-ақ, Қазалы ауданында «Қазалы-Вагон» жөндеу депосы ЖШС-ұжымен және Арал ауданында 1300 жұмысшысы бар «Арал тұз» ЖШС-нің жұмыс ауқымымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.