ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысына сәйкес Қызылорда қаласының Талсуат елді мекеніндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызметтер» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының заңгері Д.Рысбаев арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не, қандай азаматтар әлеуметтік арнайы қызметтерді алуға құқылы және арнайы әлеуметтік қызметтер қандай түрлерге бөлінетініне түсіндірме беріп, емделушілерге арнаулы әлеуметтік көмек саласында құқытарын түсіндірді.
Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы Г.Рахметова және бөлім басшысының орынбасары К.Құрақбаева емделушілердің сұрақтарына жауап беріп, әр сұрақ бойынша толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.