«ҮЗДІК СТУДЕНТ-2016» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Аймағымызда «Үздік студент-2016» облыстық байқауы өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған шараға облыс бойынша 13 жас қатысып, өзара бақ сынады, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы. Сайыс осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқауда бақ сынағандардың бірі Жұлдызай Жәнібекова. Ол кішкентайынан ақындық өнерді жанына серік етіп келеді.
- Бұл жарыста мен өзімнің жан-жақты екенімді көрсеткім келді. Биыл мектепке дейінгі тәрбиеші және оқыту мамандығына оқуға түстім. Менің арманым – бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу және оларға бағыт-бағдар беру, - деді байқауға қатысушы Ж.Жәнібекова.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар өздерін және өздерінің мамандықтарын портфолио таныстыру кезеңдері бойынша сынға түсті. Онан соң ән айтып, би билеп, көпшілік назарларына қолөнер бұйымдарын ұсынды. Осы сайыста көрермен көзайымы болған Серікбол Қасым «Үздік студент» атанды.