МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ МЕРЗІМІН ӨТКІЗІП АЛҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ
Жалағаш аудандық сотында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуден уақытында өтпеген құқық бұзушының ісі қаралды. Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық бұзушы Жалағаш ауданында орналасқан тұрғын үйді сатып алу-сату келісім шарты арқылы 14.03.2008 жылы сатып алып, жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы өтінішпен «Халыққа қызмет көрсету орталығына» алты жылдан соң жүгінген.
Сот қаулысымен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 354-3-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18 520 теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы аталған айыппұлды толық төледі.
Шынар БЕКБАН