СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ФОРМАҒА КӨШТІ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен соттардың мамандарына бірыңғай нысанды киім үлгісі жасақталған болатын. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері жаңа үлгідегі формаға көшті. Аталған киім үлгісі ұлттық нақыштағы жейдеден және галстуктан тұрады.
ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс