МАМАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда өңірінде қасиетті Ислам дінінің өркен жаюына, жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алуда шаралар ұйымдастырылып, республика көлемінде қызмет ететін мамандардың кездесулері өткізіліп тұрады. Осы бағытта қараша айының 3-5 аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр Мүбарак» Ислам университетінің магистрі, ҚМДБ-ның шариғат бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы аймағымызда болып, орта арнаулы оқу орындарында жастармен кездесті, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ маман кездесуі жергілікті мекемелердегі мамандар мен мешіттерде жамағатпен жүздесті. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, қалалық «Айтбай», «Ыбрайым молда» мешіттерінде болып, мешіт жамағаттарына насихат айтты. Сала маманы жастардың көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасу өрбіді. «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш кездесулер қатысушылар көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.