КӘСІПКЕР ӨЗ БИЗНЕСІН КЕҢЕЙТУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ
«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең!» - деген ұғым Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Бибайша Юсупованың сүйікті ұстанымы. Бала кезінен мүгедектік қалыпқа түскен Бибайша, балалармен бірге ойнаудың орнына үнемі уақытын ауруханаларда өткізуге мәжбүр болған. Баласының көңілін аулауды ойлаған Бибайша Юсупованың анасы оған тоқыма тоқу мен тігін өнерін, тіпті кілем тоқуды да үйретті. Сол уақытта қамқор ана қызының қызығушылығы,оның бүкіл өмірінің кәсібі болатынын білмеген.
- Өзімнің әуесқойлық қызметімді бизнеске айналдыру ойы маған 1994 жылы келді. Сол қиын кезеңде көп адамның қаржы тапшылығы әсерінен киім түгіл, тамақ өнімдерін сатып алуға да қаражаты болмады. Бірде көршім келіп, азғантай ақшасы барын айтып, жаңа туылған нәрестесіне киім тігіп беруімді өтінді. Нақ сол тапсырыс менің бизнесімнің бастамасы болды, - дейді Бибайша Юсупова.
Мүмкіндігінің шектеулігі Бибайша Юсупованың арманын жүзеге асыруына кедергі бола алмады. Осы жылы бизнесвумен «Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» секілді бағдарламалардың қатысушысы ретінде өз кәсіпкерлігін кеңейтуге мүмкіндік алды. Бибайша Юсупованың сөзінше, «Даму» Қорына өз кәсібін дамытуға кеңес алу үшін жүгінген және оған нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бағдарламаларға қатысуға ұсыныс түскен.
- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері бизнес-жоспар жасау мен құжаттар жинағын дайындауға көмектесті. Мен конкурсқа қатысуға өтініш берген уақытта 2016 жылғы «Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпаздары қатарында болатынымды білмедім. 300мың теңге көлеміндегі гранттық қаражатқа жұмыс процессін жеделдету мен бизнестің кеңеюін қамтамасыз ететін жаңа құрал-жабдықтар сатып алдым. «Даму» Қоры сонымен қатар, «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында да көмек көрсетті.
Бибайша Юсупованың сөзінше, жаңа ателье ашып, кәсіби қызметкерлерді жұмысқа алуды армандайды. Және сол арманы да жүзеге асатын күн алыс емес, себебі банктен несие алу үшін құжаттар жинау үстіндегі Бибайшаға «Даму» Қорының кеңесшілері қолдау көрсетуде.
- Адамның арманы болса өмір сүретін мақсаты бар деген сөз. Ең бастысы әрбір жақсы жетістіктің артында тосқауылдар болады және өз мақсатыңа жету үшін сол кедергілерді жеңе білу керек деп ойлаймын, - деп өз ойымен бөлісті Бибайша Юсупова.