ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Кеше «Достық үйінің» мәжіліс залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Жастар қанатының қатысуымен «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие сабақтастығы» атты кездесу болып өтті. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Гүлнар Сәрсенбай жүргізді, деп хабарлады ассамблеяның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы жастар қанатының жаңарған құрамы таныстырылып, жастар ұйымының алдағы уақытқа жоспары талқыланды. Жиында жастар қанатының белсенді мүшелері сөз сөйледі. Аталмыш ұйым жетекшісі Луца Константин көп этнос өкілдерінен құралған ұйымның алдағы уақытта маңызды шаралар ұйымдастыратынын және жаңа жыл қарсаңында «Голубой огонек» өткізу идеясын ортаға салды.
«Біз жастық шағымызда елімізге, туып өскен жерімізге қолымыздан келгенше еңбегімізді сіңіріп, уақытты ұтымды пайдалана білуіміз қажет», - деді ұйым жетекшісінің көмекшісі Альфия Шайхутдинова.
«Біз жастық шағымызда елімізге, туып өскен жерімізге қолымыздан келгенше еңбегімізді сіңіріп, уақытты ұтымды пайдалана білуіміз қажет», - деді ұйым жетекшісінің көмекшісі Альфия Шайхутдинова.