ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 30 БАТЫР АНА МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев қаладағы 30 батыр аналарды Елбасының Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады.
Қала әкімінің орынбасары батыр аналарды барша қала тұрғындарының атынан марапаттарымен құттықтады. Жалпы Қызылорда қаласы бойынша бүгінде 3 мың 500 батыр аналарымыз болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналардың саны 6 мыңға жуықтады. 7 мың 500 отбасының балаларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленуде және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға, жалғызбасты аналарымызға үйден әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.