СОТТА СЕМИНАР САБАҚ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық №2 сотының бас маманы Г.Дүйсенованың жүргізуімен сот мамандары арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 6001-15-7-4/256 өкімімен бекітілген «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді.
Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты. Семинар барысында бас маман Г.Дүйсенова сот мамандарына «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» бойынша негізгі қағидаларын түсіндірді.
Сондай-ақ, өтініштерге қойылатын талаптарды және оларды берудің нысанын, өтініштерді тіркеу мен қарау мерзімдерін нақты түсіндіріп өтті.
Семинар сабағында кеңсе мамандарының нұсқаулық бойынша пікірлерін тыңдап, аталған нұсқаулықтағы талаптарды бұлжытпай сақтау қажеттігін атап өтті.
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі