БАСҚАРМА ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Мен есірткіге қарсымын!» тақырыбында оқушы, студенттер арасында баннер, жалау әзірлеу сайысы өткізілген болатын. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі заттарының қоғамға әкелетін зияны жайлы пікірлерін білу, өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыра отырып сайыс арқылы нашақорлық мәселесін түсіндіру мүмкіндігін айқындау болып табылады.
Сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан бірнеше оқушы, студенттер қатысып, дәлелді фактілерді қолдана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәл және көркем жеткізе білді.
Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, 7 байқауға қатысушының жұмысы ерекше аталып өтіліп, олар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік деп танылған жұмыс авторы Қызылорда қаласы №217 орта мектептің оқушысы Рысбек Нұрмұхаммед І орынды иеленсе, ІІ орын иегері болып Арал ауданы №13 орта мектептің оқушысы Аюева Ақтоты танылды. Ал ІІІ орынды Жаңақорған ауданы №163 орта мектептің оқушысы Рүстембек Ақбота қанжығасына байлады.
Осыған орай, 2016 жылдың 02 қарашасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында үздік деп танылған жұмыс авторларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер департамент басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, теледидарлар естелік сыйлық ретінде ұсынылды.