ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРҒАН БАЙҚАУ
«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен жуырда «Заң білмеген зардап шегеді» тақырыбында жас журналистер арасында байқау өткізді. Конкурсқа 20-29 жас аралығындағы журналистер қатысты.
Екі кезеңді құраған сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар баспасөздің кез келген жанрлары бойынша алдын ала материал жазып өткізген. Мұнан соң, мақаланың мазмұны мен тақырыптың ашылуына лайық бағасын берген қазылардың шешімімен екінші кезеңге 16 қатысушы жолдама алған. Қорытынды кезең Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының мәжіліс залында өтті.
Байқаудың екінші айналымында өзара сайысқа түскен журналистер лед экран арқылы жекеленген сұрақтар бойынша, сонымен қатар салада кездесетін ситуациалық сұрақтарға жауап берді.
Сайыс соңында қазылардың қорытынды шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Бірінші орынды Майра Болатова, екінші орынды Дәулет Қырдан, үшінші орынды Тәжімұрат Әлжанов иеленді.