САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
«Жібек жолы» сауда орталығында облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!» ұранымен кең ауқымды акция өткізілді.
Салауатты тамақтануды насихаттауға бағытталған акция аясында газдалған сусындарды зерттеп, оның құрамы мен зияндылығы туралы жиналған халыққа түсінік берілді. Орталық мамандары газды сусындардың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын танытты. Сонымен қатар, ата-аналар, жастар мен жасөспірімдер арасында дұрыс әрі пайдалы сусындарды дайындауды үйретіп, тақырыптық интерактивті ойындар, тренингтер, сұрақ-жауаптар сайыстарын өткізді.
Айта кету керек, осындай акциялар күн сайын 31 қазан – 4 қараша аралығында, сағат 17.00-18.00 әр түрлі тақырыптарда «Жібек жолы» сауда орталығында жалғасады және алдағы апталарда «Отырар», «Смол» сауда орталықтарында да өткізілмек.