АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық процестік кодекстің 1 жыл ішінде жүзеге асуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық, қала орталығында орналасқан соттардың судьялары, облыстық, қалалық әкімдігі, облыстық адвокаттар алқасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары, студенттері, халықаралық құқық қорғау орталығы ҚБ-нің және кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қызылорда облыстық сотының судьясы Гүлсім Танатова өзінің алғы сөзінде тақырыптың ауқымдылығына, өзектілігіне тоқталып, бүгінгі күні жаңа АПК соттардың қарауындағы азаматтық істерді оңтайландырып, тиімділігін арттырып, қазақстандық сот жүйесіндегі ашықтық пен қолжетімділікке бастайтын заңнамаға айналғанын атап өтті.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Исаева «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексін тәжірибеде қолдану мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Жанна Исаева «биылғы жыл ерекше жыл. Енді санаулы күндерден кейін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланады. Ал, жыл басында ҚР Азаматтық процестік кодексі заңды күшіне енді. Аталмыш заңнның талқылауына біршама заңгерлер мен ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар қатысып, жүздеген ұсыныстар келтірілді», - деп, заңға қол қою рәсімінің қоғам және БАҚ өкілдерінің алдында жария түрде өтуі құжаттың маңыздылығы зор екенін жеткізді.
«Азаматтық іс бойынша өкілдік ету» мәселелеріне Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Оңдасын Кумекбаев тоқталды.
Қызылорда қалалық сотының судьясы Меруерт Тоғызбаева «Ұлт жоспарын орындауда Азаматтық процестік кодекстің 1 жыл ішінде жүзеге асуы» туралы баяндамасында аталмыш құжатта дауларды реттеудің баламалы тәсілдері, татуластыру рәсімдеріне зор көңіл бөлінгенін, сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуде сот залдарын дыбыс және бейнежазу қондырғыларымен жабдықтаудың рөлін атап көрсетті.
«Дөңгелек үстелді» қорытындылай келе, қатысуышылар тарапынан жаңа модельдегі Азаматтық процестік кодекстегі өзгерістер азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғалуына, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыруға, сот актілерінің сапасын қамтамасыз етуге септігін тигізетіні айтылды.