ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ
Қызылордада айыппұлдан жалтарған көлік иелері бірінен соң бірі тұтылып жатыр. Жергілікті сот орындаушылар мен жол полициясы бірігіп, арнайы рейдке шықты, деп хабарлады «24 хабар».
Олар «Автоураган» автоматты кешен көмегімен мойынында қарызы бар жүргізушілерді әп-сәтте анықтап, мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып жатыр. Айып алаңына тоғытылғандары да аз емес. Мамандар мұндай шаралардың нәтиже бере бастағанын айтады. Мәселен, сот орындаушылардың өндірісіндегі әкімшілік айыппұлдардың 43 пайызы осындай рейд барысында мәжбүрлі түрде өндіріліп алынған.
Бақытжан Қызылбаев, Облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы төрағасының орынбасары:
- Осы акция басталғалы бері 7253 атқару өндірісі әкімшілік айыппұлға қатысты орындалып, 89 миллионнан астам қаржы мемлекет тайқазанына құйылып отыр. 100 мың теңгеден аса айыппұлдары бар борышкерлер 2-3 жылдан бері төлемей келе жатқан борышкерлерді мәжбүрлеп, рейдтер ұйымдастыру барысында әкімшілік айыппұлдары өндіріліп жатыр.