БАТЫР АНАЛАР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылордада батыр аналар оқушылармен кездесті. Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы бірлестігі жанындағы «Батыр ана» қоғамдық ұйымы ұйымдастыруымен өткен кездесуде ұйымның мүшелері көп балалы аналар қатысты.
Кездесуде сонымен қатар 87 жастағы ана Бибіхадиша Есқараева болды. Ол он баланы дүниеге әкеліп, өсіп-өндірген. Ол оқушыларға соғыс жылдарындағы қиын күндер туралы әңгімелеп берді. Сондықтан ата-аналарды қадірлеп, ойланбай жасаған қылықтарымен ана жүрегін ауыртпау керектігін айтты.