«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында «Бейбітшілік және келісім жол картасы» аясында «Сыр елі-достық мекені» достық керуені шілде мен тамыз айларында кең ауқымды бағдарламамен облыстың барлық аудандарында болды.
Бүгін Достық керуеннің құрамындағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері өздерінің бағдарламаларымен «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысымен айналысатын «Аккорд окан» мердігерлік мекемесінің жұмысшыларын қуантты. Аталған жұмыс орнының ұжымында әртүрлі ұлттардың өкілдері жұмыс жасайды. Атап айтқанда, қазақтар, түріктер, азербайжандар, орыстар, кәрістер және т.б.
Қармақшы ауданы, ІІІ интернационал ауылдық клубында жиналған көрермендерге аймақтағы белгілі әншілер, бишілер тобы мен этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Кездесудегі қатысушылардың алдында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы Айгуль Сағымбай, түрік, өзбек, татар этномәдени орталықтарының және «Славяне» мәдени-қоғамдық орталығының басшылары сөз сөйледі.
Олардың барлығы мемлекетіміздің көпэтносты және көпконфессиялығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығын, оның рөлін, басқа мемлекеттерде мұндай ұқсастық жоқ екендігін және Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді айтты. Сонымен қатар, залда қатысып отырған көрермендерге этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтауға шақырды.
Кездесу барысында «Аккорд окан» компаниясының жұмысшыларына облыс және Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы туралы бейне материалдар көрсетілді.