ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ
28 қазан күні Қызылордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Болашақ университетінде Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісханалар ашылды.
Сонымен қатар, Студенттер сарайында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева және әдебиеттанушы мамандар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» атты ғылыми конференция өтті.
Жиынды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз өнеріне поэзия арқылы келіп, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына орасан зор үлес қосқан, қаламгерлік қуаты мол, шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер - Әбіш Кекілбаев шығармашылығының қазақ әдебиеті әлеміндегі орны туралы айтып өтті.
- Оның қаламынан туған шығармалар дүние жүзінің бірнеше тіліне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Кекілбаевтың мұрасы ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды. Бір ғана мысал, 1982 жылы әдебиеттің ғасырлық кезеңін саралап отыратын Еуропа ұйымы шығарған «Соңғы жүз жылдықтың атақты жүз қаламгері» деген портрет-плакатта Толстой, Достоевский, Чехов, Маркес, Хемингуэй, Паустовский, Федин, Әуезов, Айтматов, Ғамзатов сынды әлемдік тұлғалар қатарынан Әбіш Кекілбаев та орын алды,- деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жазушының саясат пен әдебиеттегі орнын әңгімеге арқау етіп, дәуірге лайық жазушы деген баға берді. Мұнымен қоса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов «Әдебиеттанушының мәдениеттанушылық көзқарастары», филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаров «Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық лабораториясы», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы «Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы» тақырыбында баяндамалар жасады. Өзге де зиялы қауым өкілдері жазушының өмірі мен шығармашылығын сөз етіп, естеліктерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев «Қарасөзден Қағанат тұрғызғандай» тақырыбында толғау айтып, ақындар өлең арнады.
Аймақ басшысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабайқызына қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, жазушының ақ күріштен жасалған портретін сыйға тартты. Конференция соңында облыс әкімі жиынды қорытындылап, жиналғандарға ризашылығын білдірді.
Шара Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрындағы Әбіш Кекілбаевтың «Найман ана» новелласы мен Шыңғыс Айтматовтың «Күйші» повесінің желісі негізінде жазылған «Адам болып өтейін» спектакльдік қойылымымен жалғасты.