ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен «Социум» әлеуметтік жобасы аясында «Ізет» қоғамдық қоры қазіргі қазақ қыздарына тән қасиеттер мен мінез-құлықтары туралы семинар-териниг ұйымдастырды.
Қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, семинардың тренері – психолог Назира Аймаханова. Шараға Қорқыт ата атындағы ҚМУ бірінші курс студенттері қатысты. Олар үш топқа бөлініп, қазіргі қазақ қыздары қандай болуы керек деген сұраққа жауап ретінде өз пікірлерін ортаға салды. Семинар барысында қатысушылар әйелге, қыз балаға тән қасиеттерді – үй, отбасы, бала сынды құндылықтарды сурет беттеріне түсірді. Әр бір суреттен әр түрлі әйелдің қасиеттерін көруге болады.
«Маған тренингтің осындай форматта өткені ұнайды. Өйткені қыздардың бұрын соңды көрмеген қасиеттері ашылады. Олар бұндай тәсілді қолдану арқылы отбасылық мәселелермен бетпе-бет келіп, оның шешілу жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, ол қасиеттерді өз бастарынан өткізіп, жақсысын бойларына сіңіруге көмектеседі», - дейді психолог.
Фариза ОМАРОВА