КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚОЛДАУ
«Батыр ана» қоғамдық бірлестігі мен «Чернобыль және Арал балалары» қоғамдық қорының көпбалалы аналары бірлесіп шешілетін мәселерді анықтау мақсатында бас қосты. Бұл туралы Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Азаматтық Альянсы қауымдастығы «Социум» жобасы аясында ұйымдастырылған. Аталған қор «Қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларды қолдау орталығы» пилоттық жобасын іске қосуда.
-Біз негізінен осындай қиын жағдайға тап болған отбасылардың мәселелеріне көмектесуге мүдделіміз. Осы орайда қиын жағдайға тап болған жандардың мәселелерін шешу үшін білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады, - дейді қордың атқарушы директоры Құралай Исаева.