ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ
Қызылорда облысының кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға судья Қ.Бержанов, кеңсе менгерушісі М.Асанова және сот мамандары қатысты.
Өз кіріспе сөзінде судья Қ.Бержанов сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын, алдын-алу шараларын, сыбайлас жемқорлықтың жасалу жолдары мен түрлерін айтып өтті.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, еліміздің сот жүйесі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп шарттарын қалыптастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтылды.
Семинарды қорытындылай келе барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндірмелер берілді.