АЛАШТЫҢ АЯУЛЫ АРЫСЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Жанша (Жаhанша) Досмұхамедұлының туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың аяулы арысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – жастарды Ж.Досмұхамедұлының өмірі мен еңбек жолымен тереңірек таныстыру. Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Алашорда көсемдерінің бірі Жаһанша Досмұхамедұлының күрес жолын көрсету.
Дөңгелек үстелге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова және «Қорқыттану және өлке тарихы» тарихи-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек келіп, Жаһанша Досмұхамедұлының қайраткерлігінен сыр шертерлік парасатты, тарихи әңгімелерімен бөлісті.
Шара соңында оқырман қауымға «Алаштың ардақтысы» атты Жаһанша Досмұхамедұлына арналған кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды.