ҚҰТҚАРУШЫЛАР МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапаттау рәсімі болып өтті.
Мекеменің баспасөз қызметінен хабарлағандай, медаль ерекше көзге түскен және танытқан ерлігі үшін Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды. Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен құттықтады. Өз сөзінде ол, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруын, елімізде орын алған жетістіктерін атап өтті. Ол сондай-ақ құтқарушылардың оң имиджі жөнінде айтты.