МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Қызылорда облыстық сотында Мемлекеттiк қызметшiлердi және бюджеттiк сала қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі, мемлекеттік қызмет өткеру мәселесі» тақырыбында сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар бағдарламасын ұйымдастырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл күндері мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы білімдерін қалыптастыру, сапалы мемлекеттік қызметке қол жеткізуге бағыттау, нормативтік құқықтық база мен дағдыларын нығайту және кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіре отырып, басқару мәдениетін қалыптастыру жайында лекциялар оқылды.
Семинар сабаққа облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан барлығы 19 маман қатысты және оларға біліктілік курын нәтижелі аяқтағандығы жөнінде сертификаттар табысталды.
Семинар сабаққа облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан барлығы 19 маман қатысты және оларға біліктілік курын нәтижелі аяқтағандығы жөнінде сертификаттар табысталды.