СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Осы аптада «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Өзекжарды» бағдарламасына Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов пен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқар Төлешев қатысты. Олар су тасқынына қарсы іс-шаралар дайындығын талқылады.
Бәріміз де Сырдарияның облыстың артериясы екенін білеміз, бірақ, оның да өз қиыншылықтары жоқ емес. Сондай-ақ, оның ағысы басқа өзендер секілді солтүстіктен оңтүстікке қарай емес, керісінше оңтүстіктен солтүстікке қарай. Көктемгі су тасқыны қиыншылығы да осы кезде басталады. Сондықтан да төтенше жағдайдан сақ болу үшін және қауіптің алдын алу мақсатында жауапты органдар жұмылдыру дайындығы басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті қазіргі күннен бастап дайындыққа кірісіп кетті. Техника мен адам саны жеткілікті, дарияның қауіпті аймақтары бақылауда, кейбір жерлерінде бөгетті нығайту жұмыстары жасалуда.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы