АЛИМЕНТТІ ЗАТТАЙ ӨНДІРУДІ ҰСЫНДЫ
Алименттерді тек ақшалай түрде емес, сондай-ақ тауарлар мен белгілі бір қызметтер арқылы өндіріп алу ұсынылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілердің Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалына берген жауабында айтылады.
"Алименттерді өндіріп алудың бұл жүйесі балаларды қаржылай толықтай қамтамасыз ете алмайды. Себебі борышкер ең төмен жалақыны алғанның өзінде алимент ретінде балаға 6-7 мың-ақ теңге төлейді. Осыған байланысты алименттерді өндіріп алу жүйесіне өзгерістер енгізу қажет. Оның ішінде балаларға белгілі бір тауарлар арқылы немесе киім алып беру арқылы борышкер алиментті өтей алатындай мүмкіндік жасау керек", - деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар, ведомстводағылар "Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам" жобасының бекітілгенін айтып өтті. Жобаға сәйкес, 2017 жылдың 30 қазанына дейін ҚР Әділет министрлігі алименттерді өндіріп алуда әлемдік тәжірибесі бар мемлекеттік органдағылармен біріге отырып, осы жоба зерттелетін болады. Осыдан кейін ғана бұл ұсыныстың Қазақстанда қаншалықты пайдалы болатыны зерттеліп, сәйкесінше заңнамалық актілерге өзгертулер енгізіледі.
Сондай-ақ, ведомстводағылар ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің мемлекеттік алимент қорын құру туралы мәселені қозғағанын айтып өтті. Олардың мәліметінше, алименттік қордағы қаражат ата-аналары алимент төлеуден жалтарып жүрген балаларға берілетін болады.