ПОЛИЦЕЙЛЕР ШАТЫРЛАР МЕН ЖЕРТӨЛЕЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ
Қызылордада полиция қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ тұлғалардың қыс мезгілінде үсіп қалуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15-20 қазан аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Қаңғыбас» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын. Нәтижесінде қаңғыбастықпен айналысатын, тұрғылықты жері жоқ 49 адам анықталып, бейімдеу орталығына жеткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері 156 жертөлелер мен 205 канализация құдықтарын, 125 тастанды ғимараттарды, 166 шатырлар мен 42 қыстақтарды, 52 қоқыс және қалдық жинайтын орындарды және 32 тоғайлар мен егістік алқаптарын тексерді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Баймағамбетов көшесі №7 үйде орналасқан Қызылорда қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істеуде. Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қабылдау-тарату орнына барлығы 45 адам жеткізіліп, есепке алынды. Полиция қызметкерлері қыстың суық күндерінде үсіп қалу фактілерінің алдын алу мақсатында тұрғылықты жері жоқ азаматтардың көп шоғырланатын аумақтарының картасын жасады. Нәтижесінде, аталған адамдар тобы көп жағдайда қала орталығындағы көп қабатты үйлердің өжірелерінде түнеп, Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орналасқан жылу трассасының маңын, Шымбай көшесінің теміржол жанындағы жылу құдықтарын торауылдайтыны анықталды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.