АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 40,6%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Қылмыстың бір түрі алаяқтық екені белгілі. Осы санаттағы қылмыстардың тіркелуі 2016 жылдың 9 айында 641-ді құраса, 2015 жылдың 9 айында 1080-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр.
Сөзіміздің айғағы ретінде бір дерекке мысал келтіре кетсек, өткен жылдың қараша айында 1985 жылы туылған азаматша алаяқтық ниетпен бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, Қызылорда қаласының 2 тұрғынының сеніміне кіріп, «қала орталығынан пәтер алып беремін» деген айламен бірінің 900000 теңгесін, енді бірінің 800000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек 2016 жылғы 17 қазан күні де тіркелген. 1982 жылы туылған И.А. есімді азаматша «мектепке жұмысқа тұрғызып беремін» деп қала тұрғынының 300000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп, қайтармаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сөз соңында, облыс тұрғындарынан жылжымайтын мүлік сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және тиісті мекеме қызметкерлерімен кеңесіп, сақтық шараларына аса көңіл бөлулерін сұраймыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі