ЖАС АРХИВИСТЕР БАЙҚАУЫ
Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыстың «Жас архивистер» кеңесінің ұйымдастыруымен «Үздік жас архивист» байқауы өтті, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы. 12 мұрағатшы бақ сынаған дода ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Құжаттарды көзінің қарашығындай сақтау, осы міндетті арқалаған мұрағатшылар 4 кезең бойынша сынға түсті.
- Барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде деп толық айтуға болады. Жас мұрағатшылардың әлдеқайда талантты екеніне көз жеткізіп отырмыз, - деді облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары Мира Қазбекова.
Конкурс нәтижесімен бас жүлдені облыстық мемлекеттік архивінің маманы Ақгүл Бекмағамбетова жеңіп алды. Ал 1 орынды облыстық қоғамдық-саяси, тарихи мемлекеттік архивінің қызметкері Ғалымжан Наурызбаев иеленсе, қазалылық Нұрлан Нұржаубаев екінші орынға лайық деп танылды. Жаңақорғандық Еркін Жаңабеков үшінші орынға табан тіреді.