АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
«Әкем, анам жєне мен, шұғылданамын спортпен». Бұл бір қарағанда ең қарапайым сауаттылыққа үндейтін ойын. Алайда аутизмге шалдыққан балалар үшін қарапайым ойынның қадірі бөлек. Аталмыш спартакиадада орталықтан 4 бала өзара топқа бөлініп, ата-анасымен бірге жылдамдық пен қырағылық танытудан жарысты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шарада осылайша ата-аналарға баланың сайыстағы кішкене жеңіске қолқабыс етуге мүмкіндік берілді, - деп хабарлады Қазақстан-Қызылорда арнасы.
Айта кету керек, облыста аутизмге шалдыққан 58 бала «Асыл Мирас» орталығында тұрақты түрде ем алуда. Онда психо-педагогикалық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, балалардың физикалық қабілеттері шыңдалады.