ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ
Талап қоюшы мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер ауылдық су тұтынушылар кооперативінен 8009932 доллар қарызды өндіруді сұраған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкер өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған және кесте бойынша қарыз ақшасын төлемеген, яғни, 05 ақпан 2016 жылға дейнгі қарызы 8 009 932,16 АҚШ долларын, оның ішінде: негізгі қарыз – 964 494,00 АҚШ доллары, сыйақы – 1 309 793,63 АҚШ доллары, негізгі қарыз және өсімпұлдың қосындысымен айыппұл– 5 735 644,53 АҚШ долларын құрайды.
Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
баспасөз қызметі
Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
баспасөз қызметі