153 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ
Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 25335 шетел азаматы тіркеуге алынды. Алайда олардың 4778-сі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 153 шетел азаматы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін 141 жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көрілген.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек – 04 қазан аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қондылықпен күресу мақсатында «Заңсыз келуші - 2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Осы іс-шараға мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларына, салынып жатқан құрылыс нысандарына, базарлар мен дәмханаларға рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 1211 шетелдік анықталды. Олардың 4 Қытай Халық Республикасының азаматтары.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 113 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 42 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді. Республика аумағынан 44 шетелдік аластатылды. Оның ішінде 7-і азаматтық тәртіппен. Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 503 шетелдіктің республика аумағында болу мерзімдері қысқартылды. Іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.
ҚР-ның 4 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы бойынша (Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру), 1 шетелдікке қатысты ҚК-тің 392-бабы бойынша (ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту), 1 шетелдікке ҚК-тің 393-бабы бойынша (сот шешімін орындамау) қылмыстық істер қозғалды.
Іс-шара кезінде жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ ¤збекстан Республикасының 72 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі