ЗАҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫС
2016 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Парламентінің екінші сессияның ашылуында «...заң шығару үдерісінің аясын кеңейте түсу қажет. Жобаларды дайындау сатысында оған қоғамдық сарапшыларды, парламенттік емес партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерін тарту қажет. ЭЫДҰ елдерінің халықты алдын ала құлақтандыру және қажетті құқықтық жаңа бастамаларды қоғамдық талқылау жөніндегі тәжірибесін белсенді пайдаланған жөн.
Заң шығару үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың барлық басшылары, сондай-ақ партиялық фракциялар қоғамды жоспарланып отырған заңнамалық бастамалар туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыруы керек...» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заң жобасын әзірлеуші-орган ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын құқықтық қолдану барысында қандай мәселелермен кездесетінін білу маңызды.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заң жобасы бойынша ұсыныстарды қабылдау, қоғам және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар пысықталған толықтыруларды талқылау процессіне кеңінен адамдарды қатыстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әлеуметтік желілердің интернет-ресурстарында ресми аккауынттар құрылды.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Заңнама институты аталған интернет-аккаунттардың әкімшілігі ретінде қоғамнан келіп түсетінұсыныстарды жинақтау, сараптау, жалпылау жұмыстарын жүргізуде.
Әділет министрлігі жүргізіп жатқан жұмыс Ел басының талаптарына жауап беріп ғана қоймай, заң актілердің жобаларын көпшілік талқылауына қатысты «Құқықтық актілер туралы» Заңының ережелеріне сәйкес келеді. Бұл азаматтарға, БАҚ және кез келген мүдделі тұлғаларға НҚА жобасының нақты нормалары мен ережелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі