ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Аналар аналарға» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Кеңес мүшелері «Жомарт» қайырымдылық үйімен байланыс жасап, қаладағы тұрмысы төмен 10 отбасының тізімін алды. Кеңестің әр мүшесі өзі қызмет ететін ұжымға акция жайлы ақпарат беріп, мекемелерімен ат салысты. Кеңесінің мүшелері мұқтаж отбасыларға қажетті азық-түлік, қыстық киімдер, аяқ киімдер, тұрмыстық заттарды жинап, белгіленген жанұяларды аралап шықты. Әрқайсысы түрлі саланың жетекші мамандары болып табылатын Аналар кеңесінің мүшелері отбасылардың өзге де әлеуметтік проблемаларымен танысып, өз көмектерін ұсынды. «Аналар аналарға» қайырымдылық акциясы дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.