МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Қызылорда Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысына сәйкес «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында мониторинг нәтижелері жарияланды.
Дөңгелек үстелге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Қызылорда қалалық бөлімінің, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» Департаментінің, Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің және Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.
Белгіленген стандарт бойынша, тұтынушыға «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жеке куәлігімен келіп өтініш толтыру қажет.
Осы жерде бірінші мәселе тап болады- осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты бойынша тұтынушы өз өтінішінде сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан орнының ахуалдық схемасын сызу керек. Сұралып отырған жер учаскесі иеленбенгені және жеке тұрғын үй құрылысы тәрбітіне сәйкестігі анықталғаннан кейін тұтынушының арызы қаралады. Арыз қабыл алынбағаны туралы жауабы 14 жұмыс күні ішінде, ал келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні. Бұл тек бірінші кезеңі. Тұтынушының арызының қарауы екінші кезеңінен өтуі керек. Келесі кезеңде көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде –жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару -22 жұмыс күні.
Өтініш беру барысында «Сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан орнының ахуалдық схемасын» тұтынушы өзі қалай сызу керектігі және өзі қалаған жер учаскесін тапқанша неше рет карта сызбасын түрткілей береді?» деген сұраққа іс-шараға келген «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» Департаментінің қызметкерлері, Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері, Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының қызметкерлері жауап бере алмады.
Екіншіден, облыстың жер-кадастр карталары «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және ақпараттық қауіпсіздік департаменті»-нің сайтында табуға болады, бірақ, бұл салада маман емес адамға жер таңдау қиындық тудырады.
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік қызметі» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы «1414» телефон шалу кезінді жауап беруші операторлардың аталған стандраттың қызметі бойынша консультация бермейтінін айтып, «1434» телефонына хабарласуды айтатынын жиналушыларға жеткізілді. Алайда Стандарттың 4-тарауынын 18-тармағында «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефоны болып көрсетілген.
Мысалы, Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен көрсетілген қызметтер туралы 2016 жылдың қаңтар айынан – қыркүйек айы аралығына берген мәлімет бойынша 16 қызмет көрсетілген. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша 2016 жылдың 8 айы бойынша 46 қызмет көрсетілген. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша неге қызметтер саны әр түрлі екендігіне дөнгелек үстелге келген мекемелер жауап бере алмады.
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік қызметі»-не мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік қызметтің толық күшінде жұмыс істемейтінін көрсетті.
Дөңгелек үстел қатысушылары аталған мәселелерді шешу мақсатында РММ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департамент» базасында аталған мемлекеттік қызмет бойынша бүкіл процесте қызмет көрсететін келісу органдары мен уәкілетті органдардың қатысуымен өткізу керектігі жөнінде бір ауыздан шешім қабылдады.
«Қызылорда Облыстық тұтынушылардың
құқығын қорғау қоғамы» ҚБ