ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындарды және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығы» жобасында «Тіркеуге алу, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру және т.б.» тақырыбында «Қызылорда Облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің конференц залында семинар өткізілді.
Жұмысқа орналасу уақытысында, көлік жүргізу үшін, медициналық қызмет алу кезінде немесе басқа да мемлекеттік қызметтермен пайдалану үшін жеке куәлік, мекенжай анықтамасы және жүргізу куәлігі талап етіледі. Бас бостандығынан айырылған азаматтар уақытын өтеп босатылғаннан кейін тегі мен аты-жөнін өзгерткен кезде, құжаттарын жоғалтып алғанда немесе құжаттарының қолданылу мерзімі аяқталған уақытта не істеу керектігі жөнінде сұрақтар туындайды. Мұндай жағдайларда Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы заңгері Рысбаев Дидар қай жаққа бару керектігін, құжаттарды қалпына келтіру жолдарын түсіндіріп, әрдайым құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Мысалыға, 1984 жылы Қайрат М. жүргізу куәлігін жоғалтып алғаннан кейін, қалпына келтіре алмағанын айтып, Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамынан көмек сұрады. Арнайы шақырылған ХҚКО – ның маманы бұл жағдайда жоғалған құжатты қалай қалпына келтіру керектігін түсіндірді.
Өткізілген семинардың басты тақырыбынан бөлек, бұл азаматтардың жұмысқа орналасу мәселелері мен медициналық қызмет алу сұрақтары қызықтырылды. бұл туралы ХҚКО қызметкері дереу жауап берді - жұмысқа орналасу үшін алдымен жұмыс жасамайтындығы жөнінде Халыққа қызмет көрсету орталығаныңа тіркелу қажет
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындарды және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығы» босатылған және қамауда отырылған азаматтарға арнайы құқықтық мәселелері бойынша кеңес беріп, әр түрлі тақырыптарда семинарлар және де үнемі мәдени және ойын – сауық іс-шараларын жиі өткізіліп отыратындығы жөнінде айтылды.
Аятхан ХАМЗИЕВ