ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Сотталушы өзімен бірге спирт ішімдігін ішкен бөтелкелесі келіншекті балғамен ұрып өлтіріп, содан соң оның өлік денесін үй ауласына көміп, оған тиесілі ұялы телефонын жымқырып алған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен сотталушыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі